Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанайда КВИ жұқтырғандардың 97 пайызы вакцина алмаған

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 13:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысында COVID-19 жұқтырғандардың 97%-ы вакцина салғызбаған. Бұл туралы Қостанай облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Ермұханбет Дәулетбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні COVID-19-дың 31 486 жағдайы тіркелді, оның ішінде өткен күні 156 науқас түсті. Жұқтырғандардың 145-інде ауру белгілері бар, 11-де ауру белгілері жоқ. Соңғы екі аптада облыс тұрғындары арасында коронавируспен ауыру тұрақты түрде азайып келеді. 29 тамыздан бастап Rt коэффициенті бірден төмен деңгейде. Бұған профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар, оның ішінде халықты вакциналау ықпал етті», - деді Е. Дәулетбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, негізгі сын-қатер тобында тұрған медицина қызметкерлері, педагогтар, күш құрылымдарының қызметкерлері сынды тиісті топтардың 95%-дан астамы вакцина алды.

«Вакциналанғандар арасында 846 адам ауру жұқтырған, бұл жалпы сырқаттанғандардың 2,7%-ын құрайды, оның жартысынан көбі вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін вирус жұқтырған. Вакцина салдырғандардың ауруы анағұрлым жеңіл өтеді, жағдайы ауыр науқастар арасында вакцина алғандар үлесі өте аз. Жалпы COVID-19 жұқтырғандардың негізгі бөлігі - 97%-ы вакциналанбаған», - деп түсіндірді облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері.


Жоғары қарай