Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Қостанайда солярка құйылған цистерна рельстен шығып кетті

2019 жылдың 2 шілде 2019 16:07

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда цистернаның рельстен шығып кетуі салдарынан 10 тонна солярка төгілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін болған. Ақпарат Қостанай облыстық ТЖД Кризистік жағдайлар басқармасына түскен.

«Қостанайда «Иволга Холдинг» ЖШС теміржол тұйығында екі дөңгелекті цистерна рельстен шығып кетті (аударылған жоқ). Соның салдарынан цистерна ашылып, 20 шаршы метр аумаққа дизель отыны төгілді. Шамамен 10 тонна солярка төгілді. Цистернада барлығы 54 тонна болған», - деп түсіндірді ТЖД.

Ведомствода атап өткендей, басқа пойыздардың қозғалысы бұзылған жоқ.

Қазір ТЖ орнында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Цистернаны дизель отынын құятын орынға сүйреп алып барды. Оқиғаның мән-жайын көліктік бақылау инспекциясы анықтап жатыр.

Жоғары қарай