Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанайда темір әткеншек қирап, 8 жастағы қыз бала жарақат алды

2021 жылдың 9 қыркүйек 2021 18:34

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайда темір әткеншек қирап, 8 жастағы қыз бала жарақат алды. Осы оқиға бойынша полиция соталды тергеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Сафуан Жампейісовке сілтеме жасап.

8 жасар қыз әткеншек теппек болғанда ол қирап, қыздың басына темір тиген. Қостанай облысы тұрғыны қызым жарақат алды деп полицияға арызданды.

«Осыған қатысты Қостанай облысының полиция департаменті соталды тергеуді бастады. Тергеу амалдары Қылмыстық кодекстің 306-бабы «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсетуге» сәйкес жүргізіліп жатыр», - деп мәлімдеді С. Жампейісов.

Тергеу барысында кінәлілер анықталып, кемшілікті жою ұсынылады.


Басты сөздер: Қостанай облысы, Оқиға, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай