Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанайда жасырын жұмыс істеп келген екі казино анықталды

2020 жылдың 19 қазан 2020 09:47

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайда жасырын жұмыс істеп келген екі казино анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері арнайы мақсаттағы «Қыран» бөлімшесімен бірлесе отырып, Қостанай қаласында екі жасырын казиноның қызметін тоқтатты. Түрлі құмар ойындарды ұйымдастыру және өткізу үшін іс фигуранттары қала аумағында арнайы орындарды жалға алған. Казино ұйымдастырушылары ойынға 10 000 теңгеден кем емес сомаға фишкалар сатып алған ойыншыларды ғана қатыстырған», делінген ведомство хабарламасында.

Тексеру барысында покерге және тағы 6 құмар ойынына арналған үстел, карталардың 15 данасы, фишкалар, бейнежазбалары бар ресивер, ойынға тігілген мөлшерлемелер туралы жазбалары бар журнал мен блокнот, ойын фишкалары бар кейс, «Samsung» маркасындағы электронды планшет және ақшалай қаражат анықталып, тәркіленді.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.


Жоғары қарай