Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанайда жүргізуші велосипед мінген әйелді қағып, қашып кеткен

2021 жылдың 15 маусым 2021 15:56

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Қостанайда 44 жастағы әйелді автокөлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облысы департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін таңертең Тәуелсіздік және Бородин көшелерінің қиылысында «Ваз 2115» автокөлігінің жүргізушісі велосипед мінген әйелді қақты. «Жол апаты салдарынан 44 жастағы велосипедші әйел түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Ол сол жерде қайтыс болған. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Қазіргі кезде күдікті ұсталды», - деп түсіндірді полиция департаментінен.

Жол апаты фактісі бойынша «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бабын қарастыратын соталды тергеу басталды.

Сараптамалар тағайындалды, әрі қарайғы тергеу әрекеттері жүріп жатыр.

Қостанай облысы полиция департаментінің ақпаратынша, жылдың басынан бері 104 жол-көлік оқиғасы болған, салдарынан 26 адам қайтыс болып, 122 адам зардап шеккен.


Жоғары қарай