Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанайда зират қоршауларын бұзбақ болғандар видеоға түсіп қалды

2020 жылдың 25 қараша 2020 19:53

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайдағы белгісіз біреулер зираттағы қоршауды бұзуға тырысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, әлеуметтік желі қолданушылары Қостанайдағы зират басындағы видеоны таратқан. Үш ер адам зират қоршауларын бұзбақ болған. Полиция бұл бейнжазбаны тексеруге алды.

«Жергілікті тұрғындардан немесе ролик авторынан полицияға арыз түскен жоқ. Видеоны тексеру барысында зират қоршауын сындырмақ болған азаматтар анықталды. Үшеуі де облыс орталығының тұрғындары болып шықты. Қазір олармен жұмыс жүргізіліп, нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады»,-деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Жоғары қарай