Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанайдың медициналық ұйымдары 300 жас маманмен толығады

2020 жылдың 26 мамыр 2020 22:00

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – 2020 жылы Қостанай облысының медициналық ұйымдарына медициналық колледждердің 300 түлегі жұмысқа қабылданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Медицина колледжін аяқтайтын 300 жас маманның көбі – медбикелер, акушерлер мен фельдшерлер. Олар Қостанай жоғары медициналық колледжі мен Арқалық медициналық колледжін бітірді. Жас мамандарға жұмысқа орналасу үшін клиникалық практикаға рұқсат беретін сертификат алу қажет. Бұл құжатты енді онлайн жүйеде алуға болады.

«Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында түлектер үшін электрондық өтінім беру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді. Сертификат алғаш рет қашықтан беріледі. Әдістемені тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары жасады. Пандемия кезіндегі карантиндік шараларға байланысты облыстың қалалары мен аудандары бойынша көшпелі семинарлар тоқтатылды. Алайда, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын үйлестіру бөлімінің қызметі үзіліссіз жұмыс істеп тұрды», - делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.


Жоғары қарай