Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанайлық полицейлер балконнан секіріп кетпек болған қызды құтқарып қалды

2021 жылдың 22 ақпан 2021 16:22

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері Мұрат Әлмағамбет пен Нұрдәулет Жүсіп суицид жасамақ болған қызды аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, тәртіп сақшылары әкімшілік аумақта рейд жасап жүрген.

«Олар үйдің бесінші қабатындағы балконда тұрған қызды көреді. Полицейлер дереу сақтық шараларын қабылдады. Мұрат Әлмағамбет қызбен сөйлесу үшін бесінші қабатқа көтерілді, ал Нұрдәулет Жүсіп сыртта тұрды. Пәтерге кірген тәртіп сақшысы балконнан секіріп кетпек болған қызды ұстап қалды. Кейін ол медицина қызметкерлерін шақырып, қызға көмек көрсетті», делінген баспасөз хабарламасында.

Белгілі болғандай, 26 жастағы қыз отбасылық дау-дамайдан соң суицид жасамақ болған. Айта кету керек, «102» аталмыш факті бойынша хабарлама түспеген.

Адам өмірін сақтап қалған полиция капитаны Мұрат Әлмағамбетов ішкі істер органдарында 2006 жылдан бастап қызмет етеді. Полиция лейтенанты Нұрдәулет Жүсіптің еңбек өтілі – 5 жыл.


Жоғары қарай