Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қостанайлықтар үш күнде 2,5 миллион теңгенің қаруын өткізді

2020 жылдың 3 шілде 2020 20:44

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының тұрғындары заңсыз сақтап келген қару-жарақтарын полицияға тапсырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қостанайлықтар 3 күн ішінде заңсыз сақталған 43 қаруды полицияға тапсырған. Оның ішінде 7 ойық ұңғылы мылтық, 1 тапанша және 36 тегіс ұңғылы мылтық, сондай-ақ 38 патрон бар. Төлем сомасы 2 миллион 553 мың теңгені құрады.

Полицейлер хабарлағандай, енді 600 мың теңгеден астам сомаға қару қабылдау жоспарда бар.

«Биыл осы мақсатта Қостанай облысында 3 млн 200 мың теңге бөлінген. Өткізіліп жатқан акция туралы облыс тұрғындары әлеуметтік желілер арқылы білген. Бүгінгі күні азаматтардан 39 өтініш келіп түсті. Айта кету керек, акция онлайн форматта өтіп жатыр. Қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғандарға комиссияның шешіміне сәйкес, оның техникалық жағдайына байланысты әрбір қару бірлігі үшін 10-нан 100 АЕК-ке дейінгі сомада төлем көзделеген. Сыйақы төлемі қару-жарақ заттарын тапсырған азаматтардың ұсынған шоттарына аударылады», - дейді Қостанай облысы Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Андрей Григоревский.

Полицейлер атап өткендей, тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырған тұлғалар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды қабылдау онлайн режимінде жүзеге асырылады. Полицейлер түскен өтініш бойынша азаматтардың үйлеріне баратын болады. Қостанай қаласы бойынша жедел желі телефоны: 52-68-38.


Жоғары қарай