Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көтерме тарату орталықтары қай мерзімде тапсырылады

2021 жылдың 7 қыркүйек 2021 11:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев көтерме тарату орталықтары қашан салынатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сауда саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеті – кешенді сауда-логистикалық инфрақұрылым құру арқылы өндірушіден тұтынушыға дейінгі сауда-өткізу тізбегін құру болып саналады. Ұлттық тауар өткізу жүйесін құрудың бірінші кезеңі аясында Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жасалды. Қазір жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. 2022 жылғы қаңтарға дейін 2 көтерме тарату орталығын жаңғыртып тапсыру жоспарланып отыр», - деді Е. Қазанбаев.

Оның айтуынша, қалған көтерме тарату орталықтарының құрылысын 2022 жылдың қаңтар айында бастап, тамыз айына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

«Екінші кезеңде 17 көтерме тарату орталығын салу жоспарлануда. Жеке әріптеспен бірлесіп, маркетингтік талдау жүргізілді, жер учаскелерінің 70 пайызы анықталды және оларды бөлу бойынша рәсімдер басталды. Екінші кезең бойынша Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу 2022 жылғы сәуірде, ал пайдалануға тапсыру 2024 жылғы тамызда жоспарланған», - деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2021-2025 жылдары кезеңінде «Ұлттық тауар жеткізуші жүйесін» құру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және сату бойынша 24 көтерме тарату орталығы салынады.


Жоғары қарай