Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 437.20
EUR 475.32
RUB 5.79
CNY 61.94

Қоймаларда 10 жылдан бері жатқан тауарлар бар – Жемқорлыққа қарсы агенттік кеден мәселесін көтерді

2019 жылдың 8 тамыз 2019 16:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің алдын алу департаментінің басшысы Анар Жарова еліміздің кеден саласындағы негізгі жемқорлық тәуекелдерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың маусым айында агенттік кеден саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіп көрген болатын. Талдау барысында біршама жемқорлық тәуекелдері анықталды. Олардың ішіндегі негізгісі ретінде келесісін атап өтуге болады: біріншісі – тауарларды уақытша сақтау қоймаларында сақталған тауарларды жою бағытында кеден органдары қызметкерлерінің уақтылы жұмыс жүргізбеуі», - деді Анар Жарова агенттікте өткен жиында.

Департамент басшысының айтуына қарағанда, осы мәселенің кеселінен қойма иелері шығынға ұшырап жатады.

«Осының салдарынан қойма иелері ұсталған тауарлардың сақталуына байланысты қаржылық шығынға ұшырайды. Ұсталған тауарлардың сақтау мерзіміне қарамастан (4 ай) тауарлар жылдап қоймаларда жата береді. Мәселен, Ақтөбе облысында ұсталған тауарлар қоймаларда 2005 жылдан бері жатыр. Сол секілді Алматы облысында 2008 жылдан бері жатқан тауарлар бар», - деді спикер.

Анар Жарованың түсіндіруінше, қоймалардың тауарлардың сақталуына иелері жауапты. Кәсіпкердің шамасы келмеген жағдайда қоймаларда тауарлар бюджет есебінен сақталады.

«Алайда іс жүзінде бюджет есебінен тауарды қайтару жағдайы тіркелген емес. Себебі, кеден органдары бұл бағытта қаражат бөлінбейді», - деді Анар Жарова.

Жоғары қарай