Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қожа Ахмет Ясауи кесенесін 3D-тур арқылы тамашалауға болады

2020 жылдың 17 наурыз 2020 22:34

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Қожа Ахмет Ясауи кесенесін және тарихи тұлғалар жатқан орындарды 3D-тур арқылы тамашалауға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Android платформаларына арналған мобильдік қосымша іске қосылған. Қосымша арқылы ғасырлар елегінен өтіп, бүгінгі күнге жеткен көне, тарихи құнды жəдігерлер мен оларды сақтау, қорғау, қайта қалпына келтіру барысымен, қорық-музейге қарасты тарихи-мәдени және рухани орындармен танысу және 3D-тур (http://dp.azretsultan.kz/) арқылы тамашалау, министрлік жаңалықтары мен музейдің атқарып жатқан жұмыстары жөніндегі ақпараттар алу, тарихи ескерткіштер жайлы ғылыми мақалаларды http://azretsultan.kz/ сілтемесі арқылы танысу мүмкіндігі қарастырылған.

«Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейі» РМҚК-нің мобильді қосымшасын Google Play Market арқылы жүктеп алуға болады.


Жоғары қарай