Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қожа Ахмет Ясауиге қатысты тың деректер іздестіруді қолға алған жоба басталды

2020 жылдың 19 қазан 2020 03:12

САЙРАМ АУДАНЫ. ҚазАқпарат - «Ясауи ізімен» жобасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме.

Жобаның мақсаты - түркі әлемінің тұлғасы Қожа Ахмет Ясауи тарихын дәріптеу, балалық шағынан бастап шәкірттеріне дейінгі толыққанды мәліметтерді топтастыру, тың деректер іздеу, насихаттау.

«Осы орайда Қожа Ахмет Ясауидің бабасы Махмұт шайық, әкесі Ибрахим, анасы Қарашаш, ең алғашқы ұстазы Ақ Ата жерленген кесенелеріне тағзым етіп, тарихымен танысу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Махмұт шайықтың әулеті, яғни Ибраһим ата мен Қарашаш ананың отбасы қоныстанған, Ахмет Ясауидің кіндік қаны тамып, балалық шағы өткен қарашаңырақ орнында да түсірілім жұмыстары жүргізілді. Сапар барысында Сайрам тарихы музейі және тарихшылар мен көнекөз қариялардан да тың деректер жинастырылды», делінген хабарламада.








Баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы уақытта, Ясауидің ұстаздары мен Қазақстандағы және шетелге таралған ізбасарлары жайлы зерттеу жұмыстары мен түсірілімдер жалғасын табады.








Айта кетерлігі, «Ясауи ізімен» жобасының авторы - «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов.

ФОТО: azretsultan.kz


Жоғары қарай