Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚПЛ: Бүгін «Астана» мен «Қайрат» командалары кездеседі

2020 жылдың 30 қазан 2020 11:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 16-турында «Астана» мен «Қайрат» командалары кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір турнир кестесінде алматылық «Қайрат» 15 ойыннан кейін 38 ұпаймен көш бастап тұр. Ал екінші орындағы «Астанада» 14 ойыннан кейін 27 ұпай бар. Сондықтан бүгінгі кездесуде биылғы жылдың чемпионы қай команда болатыны анықталады.

Бұған дейін екі команда 40 мәрте кездесті. Оның 18-де «Астана» басымдық танытса, 12-і «Қайраттың» жеңісімен аяқталды. Қалғанында тең нәтиже тіркелді.

Бүгін елордалық клуб үшін жеңіс ауадай қажет. Алда небәрі 5 тур ғана қалды. Турнир кестесінде «Қайрат» «Астанадан» 11 ұпайға ұзап кетті . Дегенмен елордалық клубтың басты қарсыласынан бір ойыны кем.

Кездесу елорда уақытымен 17.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Жақында «Астанаға» бас бапкер қызметіне келген ресейлік маман Андрей Тихонов үшін бүгінгі кездесу үлкен сынақтың бірі болады. Команда жеңілген немесе тең түскен жағдайда «Қайраттың» чемпион атану мүмкіндігі арта түседі.

Сондай-ақ, бүгін аталған турда «Ордабасы» мен «Тобыл», «Қайсар» мен «Қаспий» командалары кездеседі. Ертең, 31 қазанда «Қызылжар» мен «Жетісу», «Оқжетпес» пен «Тараз» командалары шеберлік байқасады.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай