Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚПЛ: «Қайрат» «Қызылжарға» есе жіберді

2020 жылдың 21 қараша 2020 17:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 19-турында тағы үш ойын аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Чемпиондық атаққа бірнеше тур бұрын қол жеткізген Алматының «Қайраты» бұл турда Петропавлдың «Қызылжар» клубымен кездесті. Ойын барысында алматылық клуб негізінен жастарға сенім артты. Есепті 16-минутта алматылық Данияр Үсенов ашса, оған 22-минутта петропавлдық Максим Драченко пенальтиден бір голмен жауап қайырды.

Ал 26-минутта Шота Григалашвилидің соққан голынан кейін «Қызылжар» командасы алға шықты. «Қайрат» ойыншысы Андрей Ульшин 32-минутта таразы басын теңестірді. Ойын нүктесін 92-минутта петропавлдық Тимур Мульдинов қойды. «Қайрат» қарсыласынан 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Үздік үштікке ұмтылып жүрген «Ордабасы» бүгін ойламаған жерден Қызылорданың «Қайсар» командасынан 0:3 есебімен жеңіліп қалды. «Қайсар» сапынан Иван Граф 51, Асхат Тағыберген 70, 75 минуттарда гол соқты.

Ал «Жетісу» мен «Тараз» кездесуінде тараздық Деян Больевич жамбылдық клубқа жеңіс сыйлады. Осылайша олар қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Аталған турды «Каспий» және «Оқжетпес» командалары қорытындылайды. Ойын елорда уақытымен 17.00-де басталады.

Естеріңізге сала кетелік, бүгін елордалық «Астана» «Шахтерден» жеңіліп қалған болатын.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай