Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

2019 жылдың 24 мамыр 2019 20:50 1163

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Малика Нұрымова ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Малика Нұрымова 2008 жылы «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірді.

2010 жылы Еуразия гуманитарлық институтын «Юриспруденция» мамандығы бойынша тәмамдады.

2008 - 2010 жылдары - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Әкімшілік жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаментінің сарапшысы.

2010 - 2011 жылдары -  ҚР Мәдениет министрлігінің Қаржы және ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар департаментінің сарапшысы.

2011 - 2016 жылдары -  сарапшы, Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметінің кеңесшісі.

2016 - 2019 жылдары - Ақпарат комитетінің бас сарапшысы, ҚР Ақпарат және коммуникация министрінің көмекшісі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің көмекшісі.

2019 жылдың 22 мамырынан бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төраға орынбасары болып тағайындалды.

 

 

 

 

 

Жоғары қарай