Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР Ауыр атлетика федерациясы Альберт Линдердің қазасы төңірегіндегі дауға пікір білдірді

2021 жылдың 20 қыркүйек 2021 21:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы спортшы Альберт Линдердің қазасына қатысты жайтқа орай ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күні кеше Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшелері, оның ішінде қаза тапқан Альберт Линдердің ағасы әлеуметтік желілердегі парақшаларында құрама команда бапкерлеріне қатысты шағымдары мен сындарын айтты. ҚР Ауыр атлетика федерациясы бұл істі бақылауға алуға және әрбір айыптаудың мән-жайын анықтауға ниетті. Таяу уақытта федерация атлеттердің әрқайсысымен байланысады және ішкі тексеру жүргізеді. Қорытындысы қосымша жарияланатын болады», - делінген федерация мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетсек, Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, универсиада жеңімпазы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы зілтемірші Альберт Линдер 26 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Осыдан кейінгі танымал ауыр атлет Илья Ильин Альберт Линдердің қайтыс болуына байланысты пікір білдірген еді.


Фото: wfrk.kz
Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай