Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: Қазақстанда коронавирустық инфекция тіркелген жоқ

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 19:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда Коронавирустық инфекциясын жұқтырған науқас тіркелген жоқ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, осы кезде мессенджерлерде «коронавирустық инфекция Қазақстанға да жетті» деген жалған ақпарат жүр.

«Мұндай дәлел-дәйексіз, шындыққа жанаспайтын ақпаратты одан әрі таратып, жұртты дүрліктірмеулеріңізді сұраймыз. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚХР-дағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты осы аурудың алдын алу мақсатында елімізде оқу-жаттығулар өткізіп жатыр. Атап айтқанда, әуежай, шекара және кеден қызметінің қызметкерлерімен, бортсеріктерімен, ұшу құрамымен, жолаушылар поездарының жолсеріктерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, жаңа коронавирустық және басқа да инфекциялармен сырқаттанған күдікті науқастарды анықтау және күдікті науқасты инфекциялық стационарға тасымалдау сияқты оқу - жаттығу жұмыстар жүргізілуде»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ онда қазіргі уақытта оқу-жаттығулар Талдықорған және Алматы қалаларында жүргізіліп, алдағы уақытта республиканың басқа да қалаларында жалғасатындығы айтылған.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аса қажет болмаса, ҚХР-ға сапарға шығудан бас тарту, Ухань, Хуанган, Эчжоу, Гибн, Сяньбао, Циньизян, Чжидзя және Лигуан қалаларына барудан бас тарту қажет деген пікірде.

Министрліктің хабарлауынша, ҚХР-да болған немесе сол жақтан келген кезде респираторлық ауру симптомдары пайда болған жағдайда, сапар кезінде немесе одан кейін саяхатшыларға медициналық көмекке жүгіну немесе өзінің емдеуші дәрігеріне инфекцияның таралу аймағына барғаны туралы хабарлама ұсынылады.

«Осы ретте министрлік жіті респираторлық инфекциялармен ауыратын адамдармен тығыз байланыс жасамау, қазіргі уақытта ЖРВИ және тұмаумен сырқаттану бойынша эпидмаусымды ескере отырып, ЖРВИ-мен ауыратын науқаспен байланыста болған жағдайда, сонымен бірге медициналық ұйымдарға барған кезде 3 сағат сайын ауыстырып, бір рет қолданылатын бетперде қолдану қажеттігін, қолды жиі жуу, әсіресе науқас адамдармен немесе олардың айналасымен тікелей байланысқаннан кейін жуу, ауру үй жануарларымен және/немесе жабайы жануарлармен тығыз байланыста болмау қажеттігін ескертеді.

«Жіті респираторлық инфекция симптомдары бар адамдар жөтел этикетін сақтауы тиіс (қашықтықты сақтаңыз, жөтелгенде және түшкіргенде бір рет қолданылатын сулықтармен немесе орамалмен ауызды жабыңыз). Аталған жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің жіті бақылауында екенін айта кету керек»,-делінген сондай-ақ хабарламада.


Жоғары қарай