Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР Елшісі Украинаның экономика министрімен кездесті

2021 жылдың 11 маусым 2021 20:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның Бірінші вице-премьер-министрі - Экономика министрі Алексий Любченкомен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сұхбаттасушылар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ 2021 жылы 18 маусымда Киевте өтетін Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-украиналық бірлескен мемлекетаралық комиссиясының келесі отырысына дайындық мәселелерін талқылады.

Тараптар халықаралық сауда, кооперация және инфрақұрылым саласындағы өзара іс-қимылды дамытудың елеулі әлеуеттің бар екенімен келісті. Басым бағыттар қатарына агроөнеркәсіп кешені, инфрақұрылымдық құрылыс, көлік және коммуникация мен туризм жатады.
Бұл мәселелер Қазақстан мен Украина арасындағы ынтымақтастықтың барлық аспектілеріне серпін беру үшін нақты шешімдер әзірлеу мақсатында өткізілетін Мемлекетаралық комиссияның отырысы барысында егжей-тегжейлі талқыланатыны атап өтілді.





Басты сөздер: ҚР СІМ, Украина,
Жоғары қарай