Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР ИИДМ вице-министрі Берік Камалиев жүк тасымалдаушылармен кездесті

2021 жылдың 30 мамыр 2021 21:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы, Атамекен ҰКП мен Kazlogistics ҚКО өкілдері алыс сапарға жүк тасымалдаушы жүргізушілермен кездесті.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында автожолдарда ақылы жүйені енгізу мәселесі талқыланды.

Жүргізушілер өздерінің ұсыныстарын жеткізіп, ақылы жүйені енгізуге байланысты пікірлерімен бөлісті.

Жауапты министрлік пен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бір апталық мерзімде барлық белсенділік танытқан азаматтардың ұсыныстарын қоғамдық қауымдастықтар арқылы қабылдауға дайын екенін жеткізді.

Қауымдастықтар барлық ұсыныстарды жинағаннан кейін ақылы жүйені енгізу мерзімі мен төлем мөлшерлемесі туралы бұйрықтардың жобасы қарастырылады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл республикалық маңызы бар 5,8 мың шақырымға жуық автожол учаскелерінде ақылы жүйе енгізу жоспарланған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жеңіл көліктер тек І-техникалық санаттағы автожолдарда төлем жасайды.





Жоғары қарай