Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ҚР ІІМ дәрі-дәрмекті заңсыз әрі қымбатқа сатуға тырысатындарға ескерту жасады

2020 жылдың 7 шілде 2020 17:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі таңда елімізде дәрі-дәрмекті заңсыз сатудың 17 жағдайы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең алдымен ҚР заңын бұза отырып, дәрі-дәрмекті сатуға бағытталған жедел шаралар туралы айта кеткім келеді. Аталған жұмыстың барысында халықтың дәрі-дәрмекке мұқтаждығын пайдаланған дәріхана қызметкерлері мен жекелеген азаматтардың әрекетіне тосқауыл қойылды. Қазір Қылмыстық кодекстің 274-бабы (заңсыз кәсіпкерлік) бойынша 17 фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деді ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди.

Ішкі істер вице-министрі бүгін таңертең Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жария еткен фактілерді растады.

«Бұл жұмыс жауапты органдармен бірге күн сайын күшейтіледі. Өңірлердің бәрінде де тиісті жедел штабтар құрылды. Ол штабтарда қажетті құзыреттер мен ресурстар бар. Сол себепті дәрі-дәрмекті заңсыз сатуға жол берілмейтінін айта отырып, оған жол бергендерге құқықтық жауапкершілік барын еске саламыз. Моральдық жауапкершілікті де ұмытпайық», - деді ол.



Жоғары қарай