Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР Индустрия министрлігінің электронды жолмен көрсететін қызметтері 96% жетті

2021 жылдың 3 наурыз 2021 13:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде қағаз күйінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 2,5 есеге қысқарды.

Бұл туралы министрліктің алқа отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2020 жылы министрлік 271 506 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде 264 886-сы электрондық түрде немесе 97,5% көрсетілді. 2019 жылмен салыстырғанда қағаз түріндегі қызметтер саны 2,5 есеге, атап айтқанда 16 мыңнан 6 мыңға дейін қысқарды.

Qazindustry порталында іске қосылған 11 мемлекеттік қызметті автоматтандыру бойынша техникалық жұмыстар (азаматтық авиация, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік, жер қойнауын пайдалану, индустриялық даму салаларында), сондай-ақ 5 мемлекеттік қолдау шарасы аяқталды.

Нәтижесінде министрлік мемлекеттік қызметтердің 96% (116-дан 112) электрондық түрде көрсетеді.


Жоғары қарай