Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР Мемлекеттік хатшысы Семейдегі Абай атындағы музейге барып қайтты

2020 жылдың 29 тамыз 2020 22:00

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев бастап келген Абайдың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшелері Абай атындағы тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына атбасын бұрды.

Музей директоры Тұрдықұл Шанбай қонақтарды жергілікті мәдени мұрамен таныстырып, экскурсия жасады. Сондай-ақ ол мұнда жүргізілген қайта жөндеу жұмыстарының нәтижесін де көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облысының Ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Мұнда жазушының балалық шағы мен шығармашылығынан сыр шертетін бірегей жәдігерлер сақталған. Сонымен қатар ұлы ақынның музыкалық аспаптары да көрме залынан ойып тұрып орын алған. Ұлы ойшылдың 175 жылдық мерейтойына орай музейдің залдарына қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нысанның айналасы абаттандырылды. Музейде заманауи технологиялар қолданылады. Оған Семей тұрғындары жоғары баға беретіні сөзсіз.




«Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл атқарылған шаруаның бір парасы ғана. Маған біздің музейді көрсету үлкен қуаныш. Абай Құнанбайұлы – қазақтың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Біздің жерлесіміздің ерекшелігі сол, оның келбетін барлық қырынан көрсетуге болады», - деді музей директоры Тұрдықұл Шанбай.

Музей қызметкерлері қайта жаңартылған медресе ғимаратында экскурсия жасатып, сол замандағы оқу сыныптарының қандай болғанын көрсетті.





Естеріңізге сала кетейік, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ұлы ақынның 95 жылдығына орай 1940 жылы 16 желтоқсанда Абай атындағы әдеби-мемориалдық музейі ашылды.


Жоғары қарай