Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бір күндік жалақысын қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына бөлді

2022 жылдың 16 қаңтар 2022 16:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бір күндік жалақысын қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына жібереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің басшылығы мен жеке құрамы күштік құрылымдар қаза тапқан қызметкерлерінің ата-анасына және туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтады. Бейбіт халықты қорғау кезіндегі олардың ерлігі мен жанқиярлық батырлығы – қызметтік борышты атқару мен антқа адалдықтың үлгісі!», - деп жазылған Мемлекеттік күзет қызметі сайтында .

«Олардың ерлігі әрқашан біздің жүрегімізде болып, кейінгі жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде үлгі болады! Моральдық қолдау және материалдық көмек көрсету мақсатында, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бір күндік жалақысын қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына жібереді», - делінген хабарламада.


Жоғары қарай