Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ҚР Премьер-Министрі қазақстандық мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

2020 жылдың 23 маусым 2020 11:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Мемлекеттік органдардың өз функцияларын сапалы орындауы, халыққа тиімді қызмет көрсету, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік даму бағдарламаларын жүзеге асыру және жалпы, еліміздің экономикалық дамуы, Қазақстан халқының тұрмыс сапасы мен әл-ауқатының артуы сіздердің кәсіби еңбектеріңіз бен күш-жігерлеріңізге тікелей байланысты.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбекте абырой тілеймін!»,-делінген құттықтауда.


Жоғары қарай