Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ҚР Премьер-Министрі оқшауланды, бейнеконференция режимінде жұмысын жалғастырады

2020 жылдың 14 маусым 2020 20:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы Асқар Мамин қазіргі таңда өзін-өзі оқшаулауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі баспасөз қызметінің жетекшісі Зарина Нұрланова Facebook-тегі парақшасында жазды.

«12 маусымда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып қайтты, онда Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов та болды.

Е. Біртановтан COVID-19-ға алынған анализде вирустың анықталуына байланысты, ҚР Премьер-Министрі тест тапсырды, оның нәтижесі — теріс.

Айта кеткен жөн, жұмыс сапары барысында денсаулық сақтау министрі респираторлық маска киіп жүрді.
Үкімет басшысы Асқар Мамин қазіргі таңда өзін-өзі оқшаулауда, дегенмен бейнеконференция байланысы режимінде кестеге сәйкес жұмыс істеуді жалғастырады», делінген хабарламада.



Жоғары қарай