Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР Президент кубогы: «Барыс» «Салават Юлаевпен» ойнайды

2019 жылдың 11 тамыз 2019 14:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президент кубогының қорытынды матчында «Барыс» Уфаның «Салават Юлаев» командасымен ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Матч бүгін астана уақытымен 17:00-де басталады, оны «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Еске сала кетейік, Андрей Скабелка шәкірттері осы турнирде үш мәрте жеңіске жеткен. Кубок иегері атану үшін соңғы ойында ірі есеппен жеңіліп қалмаса – соның өзі жетіп жатыр.

«Барыс» Қазанның «Ак Барс» командасы 6:1 есебімен талқандап, Нижнекамскінің «Нефтехимигін» 5:3 есебімен жеңді, кешегі ойында Екатеринбургтың «Автомобилист» командасынан да басым түскен, есеп - 3:2.

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай