Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

ҚР Президенті Ақмола облысындағы күн электр станциясын аралап көрді

2020 жылдың 29 мамыр 2020 14:55

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Мемлекет басшысы Ақмола облысы, Целиноград ауданына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорда.

Президент сапары «Hevel Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты күн электр станциясының жұмысымен танысудан басталды. Аталған нысан биыл пайдалануға берілді.




Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтағы «жасыл энергетиканы» дамыту перспективасы жайында баяндалды. Қуаттылығы 100 МВт болатын электр станцияның құрылысына 30 миллиард теңгеге жуық инвестиция салынған. Станция жылына 148 миллион киловат сағат электр қуатын өндіреді. Құрылыс жобасын салу барысында компанияның өз әзірлемесі, атап айтқанда, гетероқұрылымды екі жақты күн модулі секілді инновациялық технология пайдаланылған.

Мемлекет басшысы Қазақстандағы жаңартылған қуат көзін пайдаланудың маңыздылығын атап өтіп, электр станциясының қызметкерлеріне табыс тіледі.











Жоғары қарай