Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР Президенті «CNPC» басшылығына қазақстандық жұмысшылардың жалақысын көтеруді жүктеді

2019 жылдың 13 қараша 2019 19:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «CNPC» корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илиньді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті қазақ-қытай арасындағы тату көршілік қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне «CNPC» компаниясының қосқан үлесін жоғары бағалады.




«CNPC» компаниясы мұнай өндіру, өңдеу, көмірсутегін тасымалдау салаларында еңбек етеді. Сіздің корпорация жүзеге асырып жатқан жобалар Қазақстан экономикасында аса маңызды рөл атқарады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент «CNPC» басшылығының алдына қазақстандық жұмысшылардың жалақысын көтеруге, олардың айлығын шетелдік жұмысшыларға төленетін еңбекақы деңгейімен теңестіруге, сондай-ақ тауар сатып алу және қызмет көрсету ісінде қазақстандық өнімнің үлесін арттыруға байланысты бірқатар міндет қойды.

Ван Илинь Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты компанияның алдына қойылған міндеттерге түсіністікпен қарайтынын жеткізді.

Жоғары қарай