Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР Президенті Қазандағы балалардың қазасына байланысты Владимир Путинге көңіл айтты

2021 жылдың 11 мамыр 2021 18:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласындағы гимназияда ресейлік оқушылардың қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

«Осынау қиын-қыстау сәтте балалары қайтыс болған отбасылардың ауыр қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

Бұған дейін қайғылы оқиғаға байланысты Ресей басшысына көңіл айту жеделхатын ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолдады.

Еске сала кетейік, бүгін, 11 мамырда Ресейдің Қазан қаласындағы №175 мектеп-гимназияда белгісіз екі адам оқ жаудырған болатын.

Оқиға салдарынан 8 адам қаза тауып, 21 адам ауруханаларға жеткізілген еді. Соңғы мәлімет бойынша, қаза болғандар саны 9-ға жетті. Бұл туралы ел президенті Рустам Минниханов хабарлады.

Татарстанда 12 мамыр Аза тұту күні болып жарияланды.


Басты сөздер: Қазақстан Президенті,
Жоғары қарай