Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР Президенті Ресей Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Дмитрий Козакты қабылдады

2020 жылдың 3 желтоқсан 2020 16:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға Президент Владимир Путиннің тапсырмасымен келген Ресей Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Дмитрий Козакты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестік пен одақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ, еуразиялық интеграцияға, соның ішінде, жуырда өтетін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына ерекше көңіл бөлінді.




Мемлекет басшысы Ресей Федерациясымен одақтастық байланыстардың күн тәртібіндегі көп қырлы өзара іс-қимылдарды нығайтуға басымдық берудің маңызды екенін мәлімдеді. Екі ел Президенттері Әкімшіліктерінің арасында өзара іс-қимылдарды және байланыстарды дамыту жөнінде келісім жасалды.








Жоғары қарай