Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ҚР Президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті

2019 жылдың 30 желтоқсан 2019 19:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар Қазақстан Президентінің биылғы 14-15 сәуірде Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы қарастырылды.

Өзбекстандағы Қазақстан жылының табысты өтуіне ерекше мән берілді. Оның аясында мәдениет, өнер және білім салалары бойынша ықпалдастықты жандандыру жөнінде көптеген шара ұйымдастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевті келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, оған мемлекеттік қызметте табыс, бауырлас өзбек халқына бақ-береке тіледі.


Жоғары қарай