Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ҚР Президенті: Сот жүйесі туралы алаңдаушылықтар заңды

2022 жылдың 29 қаңтар 2022 21:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар-24» телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында судьяларға қойылатын талап өзгеретінін мәлім етті, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сот жүйесі туралы алаңдаушылықтар заңды екенін ашық айту керек. Қазір реформа жүріп жатыр. Қалай іске асып жатыр, қарқыны қандай? Бұл, әрине, пікірталас тудыратын мәселе. Бірақ реформа іске асырылып жатыр. Кәсіпкерлермен кездескен кезде әкімшілік істер жөніндегі алқа құрылатыны туралы айттым. Бұрын ол болмаған. Ол алқа кәсіпкерлердің проблемаларын, инвестициялық дауларды қарайды, - деді Президент.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы судьяларды іріктеуде қандай қасиеттеріне басты назар аударылатынын атады.

«Біз қазір Жоғарғы Сот кеңесінің мәртебесін айтарлықтай көтеріп жатырмыз. Судьяларды іріктеуде осы кеңес шешуші рөл атқаруға тиіс. Біз судьялар корпусына бағыттап жатқан адамдардың кейбірі кәсіби маман да емес шығар. Бірақ судьяның кәсіби маман болуы оның әділ төрелік ететініне кепіл бола алмайды ғой. Біз корпоративтік сектор саласынан және өзге де салалардан адамдарды жолдаймыз. Яғни, судьялардың кәсіби мәртебесін, кәсіби құрамын түрлендіру керек. Әрине, басты өлшем парасаттылық пен адалдық болуы шарт», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жоғары қарай