Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 385.16
EUR 425.95
RUB 6.01
CNY 54.51

ҚР Президенті: Ұлытау - халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризм орталығы болуы тиіс

2019 жылдың 24 тамыз 2019 12:56

ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат - Ұлытау – халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризмнің орталығы болуы тиіс.

Қарағанды облысында өтіп жатқан «Ұлытау – 2019» Халықаралық туристік форумында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы бұл бағыттағы жұмыстардың Алтын орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында басталуы қажеттігін атап өтті.

«Қазіргі отандық туризм индустриясы – кенже қалып келе жатқан сала. Жыл сайын қыруар қаражат салсақ та, бұл сала толыққанды дамымай отыр. Туризм саласының қазіргі ахуалын түбегейлі өзгертетін уақыт келді. Бұл жұмыстарды Ұлытаудай қасиетті жерлерден бастауымыз қажет. Ұлытау аймағы міндетті түрде Қазақстанның туристер тарту картасының алдыңғы қатарында болуы тиіс. Бұрын жобаланған «Ұлытау» ұлттық табиғи паркін құру мәселесін жүзеге асыру керек. Биыл мұнда туристер үшін арнайы орталық ашылуы тиіс»,-деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.








Сондай-ақ Мемлекет басшысы Ұлытау туристік мекенге, демалыс аймағына, ұлы бабаларға тағзым ету орталығына айналуы тиістігін айтты.

«Бұл өңірге қазақ тарихының символы болатын ескерткіш-ансамбль орнату қажет. Қасиетті Ұлытау – ұлтты ұйыстырудың, елді біріктірудің негізі... Бұл бастамалар халқымыздың ұлттық бірегейлігін нығайта түсуге оң ықпал етеді деп сенемін. Ұлытаудың тарихы мен тағылымын жастар тәрбиесі мен отаншылдықты, ішкі туризмді дамытуға пайдалану керек»,-деді ҚР Президенті.








Жоғары қарай