Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР СІМ Санкт-Петербургте қамалып қалған қазақстандық жеткіншекке қатысты түсінік берді

2021 жылдың 12 сәуір 2021 00:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Санкт-Петербург қаласына келіп, қамалып қалған қазақстандық жеткіншекке қатысты оқиғаға түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы Қазақстан азаматы Санкт-Петербургке Ыстанбұл қаласы арқылы ұшып келген. Туыстарының сөзіне қарағанда ол Ресейге емделу үшін келген, алайды тиісті құжатты көрсете алмаған. Ресейдің ФҚҚ шекара қызметінің хабарлауынша, мемлекеттік қызмет ақпараттық порталында бұл азамат туралы мәлімет болмаған. Алайда ҚР Бас консульдығы жеткіншекке барынша көмек көрсетіп, Ресей аумағына жеке тәртіпте кіруге қолғабыс жасады. Ол ешқандай да емделуге бармаған және барлық талаптарды біле тұра бұзып, Санкт-Петербургке ұшып келген», - делінген СІМ таратқан хабарламада.

Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды Ресей Федерациясының шекарасынан өту тәртібіне назар аударуды ескертті.


Басты сөздер: ҚР СІМ, Ресей,
Жоғары қарай