Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

ҚР Ұлттық музейі #Bizbirgemiz науқанына қолдау білдірді

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 19:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық музейінің қызметкерлері #Bizbirgemiz науқанына қолдау білдіріп, музей аумағын қардан тазартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қала тұрғындарын аталмыш челленджді қолдауға шақырды.




«Тұрсынбек Қабатовтың үндеуін Мемлекет басшысы қолдап, кеңінен насихаттағаны бәрімізге үлкен серпіліс болды. Біздің жайнаған елордамыздың тазалығы үшін ҚР Ұлттық музейі де қуана атсалысуда. Еліміздің бірлігі, оның рухани байлығы, жоғары деңгейі осындай игі істерден көрінеді деп ойлаймын. Мемлекет басшысы биылғы жылды «Волонтер жылы» деп жариялады. Сондықтан бүкіл қазақстандықтарды бұл челленджді қолдауға шақырамын», - деді музей директоры.




Айта кетейік, кеше елорда жастары әлеуметтік желіде қар күреу челленджін бастады. Елорда еріктілерін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады. Сондай-ақ, белгілі әзіл-сықақшы, тележүргізушісі Тұрсынбек Қабатов, журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай, Қаллеки театрының әртістері және «Jas Otan» жастар қанаты қолдау білдірді.


Жоғары қарай