Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 437.20
EUR 475.32
RUB 5.79
CNY 61.94

Крайстчёрч мешітінде террактіден зардап шеккендер қажылыққа барады

2019 жылдың 8 тамыз 2019 21:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шехадех Аль-Синави – Жаңа Зеландияда Крайстчёрч мешітіне жасалған шабуыл кезінде жарақат алғандардың бірі, деп хабарлайды euronews.com.

Ол 200 адамнан құралған топпен бірге Сауд Арабиясы королінің шақыртуымен Меккеге қажылыққа барады. Корольдік билігі мәлім еткендей, бұл бастама – «барлық діни ілімге қайшы келетін жан түршігерлік лаңкестік әрекеттерден зардап шеккен отбасыларды қолдауға және терроризммен күреске қосқан үлес». Шақырылғандардың барлығы Сауд Арабиясы есебінен барлық қажетті дүниелермен қамтамасыз етіледі.

«Біз уақытша болса да оқ атқан жерден алыс жаққа кеткіміз келді. Соған қарамастан, Мекке сияқты қасиетті орыннан табылғанымыз үлкен жұбаныш», - деді Аль-Синави.

2019 жылдың 15 наурызында Крайстчёрч мешітіне жасалған шабуылдан 50-ден астам адам қаза тауып, ондағаны жарақат алды. Лаңкестіктен зардап шеккен отбасыларды қабылдаған Сауд Арабиясы барлық қажетті дүниелермен, соның ішінде қажылық жасауға арналған арнайы киімдермен қамтамасыз етуге уәде етті.

Биыл Меккеге 2 млн адам қажылық жасауға келеді деп жоспарланып отыр.

Басты сөздер: Әлем, Дін,
Жоғары қарай