Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚТЖ пойыз билеттерін сатып алудағы қиындықтарға түсінік берді

2020 жылдың 12 тамыз 2020 13:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ техникалық ақауларға байланысты теміржол билеттерін сату жүйесі уақытша жұмыс істемейтінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компания ақпаратына сәйкес, BILET.RAILWAYS.KZ сайтында және өзге де интернет-ресурстарда билеттерді рәсімдеу уақытша мүмкін болмайды.

Азаматтар пойызға билеттерді кассалардан сатып ала алады. Онда қазіргі уақытта сату процесі біртіндеп қалпына келтірілуде. «Алайда, түйіткілді жою жұмыстары әлі де жалғасып жатқандықтан, билеттерді сатып алу кезінде техникалық ақаулар пайда болуы мүмкін», - деп ескертті «Жолаушылар тасымалы» АҚ-дан.


Басты сөздер: ҚТЖ,
Жоғары қарай