Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚТЖ: Зейнетке ерте шығудың пайдасы

2021 жылдың 14 қазан 2021 17:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еңбек адамының ұзақ жыл жұмыс істегеннен кейін зейнет демалысына шығатын сәтін асыға күтері анық. Зейнеткерлердің бос уақыты мол, демалысқа шыққан соң өмірлерін қызықты ету үшін жанына жақын ісімен айналысады, қалаған жағына қыдырады.

Теміржолшылардың жұмысы оңай емес. Сондықтан олардың көпшілігі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да 2020 жылдан бастап Зейнеткерлікке ерте шығу бағдарламасының іске қосылғаны туралы хабарды зор қуанышпен қабылдады.

Лауазымы қысқарған немесе оңтайландырылған, денсаулық жағдайы, қолайлы вакансияның болмауы, біліктілігінің жетіспеуі сияқты себептермен әрі қарай жұмысқа орналасуы мүмкін емес зейнет жасына жақындаған «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметкері зейнет демалысына мерзімінен бұрын шыға алады.

Осы орайда зейнет жасына 6 жыл және одан да аз уақыт қалғанда жұмысынан босап қалған қызметкерге 1-4 айлық жалақысы көлеміндегі өтемақы және саладағы жұмыс өтіліне және зейнет демалысына дейінгі қалған айларының санына байланысты 200 мың теңгеге дейін ай сайынғы жәрдемақы төленеді. Мұндай қызметкерлерді ҚТЖ зейнеткерлер есебіне қойып, зейнеткерлерге арналған ұжымдық келісімшартта ұсынылған әлеуметтік жеңілдіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Сәуле Истлееваның айтуынша, Зейнеткерлікке ерте шығу бағдарламасына теміржолшылар үлкен ризашылықпен үн қатты.

- Ең алдымен, Зейнеткерлікке ерте шығу бағдарламасы бизнесті өзгертуге үлес қосатын бағдарламалардың бірі болып табылатынын атап өткім келеді. Жаңа технологиялар енгізілуде, процестер оңтайландырылуда, сондықтан адами ресурстардың мүмкіндіктерін де қайта қарастырған жөн. Процестердің оңтайландырылуы мен цифрландырылуына байланысты жұмыстан босатылған жастар мен орта жастағы қызметкерлерді қайта дайындаудан өткізіп, басқа қызметтерге ауыстырамыз. Жас ерекшеліктеріне байланысты олар басқа өңірге көшіп, өздерінің күшін басқа бөлімшелерде сынап көруге де дайын. Зейнет жасына жақындаған жандарға да осындай шарттарды ұсынамыз, егер олардың денсаулық жағдайы, қолайлы вакансияның болмауы, біліктілігінің жетіспеуі сияқты объективті себептері болса, онда аталған бағдарламаны балама ретінде қолданамыз, - дейді Сәуле Истлеева.

Айта кетейік, бизнесті өзгерту жобалары компанияның заман ағымына сай жетілдірілуі тиіс екендігін көрсетті.

Теміржол жетекші сала ретінде жаңа әдістер мен технологияларды енгізуде, алайда ең басты құндылығы – адамдар туралы да есінен шығармақ емес. Олар да өзгерістің қажеттілігін, жайлылығын сезіне отырып, бұл кезеңді түсіністікпен өтуі тиіс.

Бизнесті өзгертуді жұмысшыларды жалпылама қысқартусыз жүргізудің жарқын мысалы «Мобильді диагностикалық кешенді енгізу (МДК)» жобасы болып табылады.

Компанияда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында болуы ықтимал түрлі ақауларды диагностикалау жүйелі түрде жүргізіліп тұрады. Күні кешеге дейін пайдаланылған кеңес дәуіріндегі технология бойынша дефектоскопты арбалардың операторлары күніне 7 км жолды жүріп өтетін, ал МДК бойынша күніне 400 шақырымды артқа тастайды. Нәтижесінде өндіріс тиімділігі артады, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі, ал жолаушылар мен жүк пунктке белгіленген уақытта келеді.

- 2019-2020 жылдар аралығында барлығы 580 дефектоскопты арбалардың операторы үш кезеңмен оңтайландырылды. Олардың 335-і «Қазақстан темір жолының» басқа вакансияларына орналастырылды, кейбір жұмысшылар қысқартуға ілігіп, өтемақы алуға шешім қабылдады, ал зейнет жасына жақындаған қызметкерлер өз қалауы бойынша Зейнеткерлікке ерте шығу бағдарламасын таңдады, -деді өз ойымен бөліскен Сәуле Машурқызы.

Қызметкерлердің өздері бұл бағдарлама туралы ықыластана әңгімеледі.

Мен теміржолда 45 жыл еңбек еттім, оның 42 жылы бір орында өтті. ПЧ- Қандағашта дефектоскопты арба операторы болдым. Бұл өте ауыр әрі қиын жұмыс, соңғы кезде аяғым ауыра бастады. Сондықтан зейнеткерлікке мерзімінен бұрын шығу мүмкіндігін ұсынғанда, қатты қуандым және бірден келісе кеттім. Қызметкерлеріне осындай айрықша қамқорлық көрсетіп отырған компания басшылығына мың да бір рахмет. Қазір мен жарты жылдан бері жұмыс істемеймін, үйде отырмын және ай сайын компаниядан өтемақы алып келемін. Өзім де, отбасым да өте ризамыз, - дейді Андрей Нүркебаев.

- Осы бағдарламаның арқасында мен жыл жарым бұрын зейнет демалысына шықтым. Өте қуаныштымын! Келісімде көрсетілген өтемақыны алып тұрамын, шүкір, өмір сүруіме жетіп жатыр. Қазір қалағанымша демаламын, сүйікті істеріммен айналысамын, көп уақытымды отбасыммен бірге өткіземін. Мысалы, жаз бойы жұбайым екеуіміз көлге шомылдық, күнге қыздырындық, қазір орманға барып серуендеп жүрміз. Теміржолшылар үшін өте пайдалы бағдарлама, өйткені біздің жұмысымыз аса ауыр санатта. Мен теміржолда 40 жылдан астам жұмыс істедім, ПЧ-Көкшетауда дефектоскопты арба операторы болдым, қазір бейнетімнің зейнетін көріп, рахаттана демалып жүрмін, - деді Михаил Пономарев қуанышын жасыра алмай.

Мұндай жұмыс дефектоскопты арба операторынан басқа пошта хат-хабарын тасушыларға, автокөлік жүргізушілеріне және басқаларға да қатысты жүргізілді.

- Жалпы алғанда, бағдарлама іске қосылғалы бері «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 900 қызметкері зейнет жасына жетпей құрметті демалысқа шықты. Бұл бағдарламаның сұранысқа ие екендігін көрсетеді, - деп түйіндеді сөзін Сәуле Истлеева.

Компанияда атап өткендей, бағдарлама әр қызметкердің жағдайын жеке қарастырады, сондай-ақ құрамына жұмысшылардың өкілі (кәсіподақ) енген арнайы құрылған бағдарлама олардың заңды құқығын бұзуға жол бермейді.

- ҚТЖ әлеуметтік жауапкершілігі бар компания екенін атап айтқым келеді. Сондықтан егер қызметкер компанияда қалғысы келсе, біз оны басқа жұмысқа орналастыру үшін қолдан келгеннің бәрін істейміз. Бұл үшін басқа мамандық алуға мүмкіндік беретін қайта даярлау курстары ашылды. Яғни қызметкердің алдында үш түрлі таңдау тұрады - Зейнеткерлікке ерте шығу бағдарламасы бойынша құрметті демалысқа шығу, қайта даярлау курсынан өту немесе жұмыстан шығып, өтемақы алып отыру, - деп түсіндірді Сәуле Истлеева.


Әсел Шайхынова


Жоғары қарай