Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қуаныш Сүлейменов: Мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетілуде

2021 жылдың 25 тамыз 2021 08:52

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, «Шалабай» ЖШС бас директоры Қуаныш Сүлейменовтің айтуынша, Шығыс Қазақстанда мал шаруашылығымен айналысып жатқан кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы ол «Тәуелсіз Қазақстан: Жасампаздыққа толы жылдар. Шығыс Қазақстан облысының басты жетістіктері» атты дөңгелек үстел барысында айтты.

«Биыл ел тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Тарих тұрғысынан алғанда бұл көзді-ашып жұмғанша өте шығатын қас-қағым сәт. Десе де біз үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы қатар жүрген тұтас дәуір болды. Осы үш он жылдықта өңірдің ауыл шаруашылығы саласы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Кәсібін енді бастап жатқан шаруагерлерге мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілді», - дейді Қуаныш Сүлейменов.

Агроөнеркәсіптік кешенде облыста ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1991 жылғы 7,2 млн теңгеден 2020 жылдың қорытындысы бойынша 686,3 млрд теңгеге дейін өскен.

«Өзіме қатысты айтар болсам, 2000 жылы қарапайым тарих пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс өтілімді бастаған болатынмын. Ойлана келе қазақтың ақбас сиырының отаны саналатын Жарма ауданында сол тұқымды өсіруді қолға алдым. Әрине, басында оңай болған жоқ. Десе де Қазақстан инвестициялық қорының қолдауымен жұмысымыз алға басты. Шаруа қожалығымыз елдің өркендеуімен қатарласа дамып келді. Осылайша, 5 адам жұмыс істеген шағын қожалық бүгінде ауқымды холдингке айналды», - дейді «Шалабай» ЖШС бас директоры.


Жоғары қарай