Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қуат Хамитов қарсыласын бірінші раунда буындырып тастады

2021 жылдың 20 маусым 2021 02:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (22-6-2) Атырауда өткен Mergen Fighting Championship 1 аралас жекпе-жек турнирінің хедлайнері болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Оның қарсыласы украиндық файтер Роман Головинов (10-4) болды. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған еді, алайда Қуат Хамит қарсыласын бірінші раундта буындырып тастады. ОСылайша жерлесіміз ММА-дағы спорттық мансабында 23-жеңісіне қол жеткізді және MFC промоушнының чемпиондық белдігін иеленді. Ал Роман Головинов болса, спорттағы жолында бесінші рет жеңіліс тапты.

Бұл — Қуаттың 2021 жылғы екінші жекпе-жегі. Біріншісі қаңтар айында өткен еді. Онда Хамитов қарсыласы ресейлік Максим Пантелеевті (0-1) 49 секундта нокутқа түсірген болатын.

Автор Ербол Жанат
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай