Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қуат Хамитовтың соты кейінге қалды

2021 жылдың 20 қаңтар 2021 12:46

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтың соты кейінге қалды. Спортшы онлайн сот отырысына интернет арқылы қосыла алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алмалы аудандық сотының судьясы спортшының неге интернетке қосыла алмағанын сұрады.

«Судья мырза, ол техникалық себептерге байланысты қосыла алмай жатыр. 20 минут өтті, мен де әрең қосылдым. Интернет нашар сияқты. Процесті кейінге қалдырсақ бола ма?», - деп сұрады сотталушының адвокаты.

Прокурор сот процесін сотталушының қатысуынсыз өткізуге болмайтынын айтты.

Нәтижесінде сот отырысы кейінге қалдырылды.

Қуат Хамитов ҚР ҚК 272 бабының 3-бөлімі бойынша (билік өкіліне бағынбауға шақыру, жаппай құқықбұзушылыққа тарту, арандату, азаматтарға күш қолдануға шақыру) істі боп жатыр. Бас сот талқылауы Алмалы аудандық сотында қаралып жатыр.

Айта кету керек, былтыр қыркүйекте қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов полиция бөлімшесіне жеткізілген болатын.

Ол әлеуметтік желіде билікке қарсы күш қолдануға шақырған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 272-бабы 3-бөлімімен іс қозғалды.



Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Сот,
Жоғары қарай