Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Құқық мәселелері бойынша қосымша сенім телефоны жұмыс істейді

2020 жылдың 20 наурыз 2020 21:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдай режимінде Заң университетінің студенттері волонтер ретінде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы дейді ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Мемлекет басшысының және мемлекеттік комиссияның тапсырмасын орындаймыз. Штаттың 70%-ы қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Әзірге ешқандай мәселе туындаған жоқ. Осы режимде қажетті тапсырмаларды орындауға үлгеріп жатырмыз. Қосымша сенім телефоны (8 7172 74 09 62) ұйымдастырылды. Ол арқылы құқықтық мәселелерге, карантин жағдайына байланысты сұрақтарға жуап алуға болады», - дейді ҚР Әділет министрі ОКҚ өткен баспасөз конференциясында.

Ол Заң университеттерінің студенттері волонтер ретінде жұмыс жасауда.

«Үш күн ішінде 3000 қоңырауға жауап бердік. WhatsApp арқылы 1500 адам хабарласты. Заң университетінің студенттері волонтер ретінде жұмыс істеуде. Олар барлық сұрақтардың жауабын білмеуі мүмкін, сол себепті оларға жиі қойылатын сұрақтар бойынша сұрағы мен жауабы бар буклеттер бердік. Бірінші күні сұрақтар көп болды. Дұрыс жауапты беру уақытты қажет етеді. Азаматтарды шыдамды болуға шақырамыз», - дейді ол.


Жоғары қарай