Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Құмар Ақсақалов: Жерден ырзық тапқан шаруалар ауылдың көркеюіне үлес қосуы керек

2020 жылдың 5 тамыз 2020 04:13

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл 270 елді мекенде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құмар Ақсақалов кәсіпкерлерді әлеуметтік жауапкершілік танытып, ауылдарды көркейтуге ат салысуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекеттен қаржылай қолдау бар. Нарықта бидай бағасы да былтырғымен салыстырғанда 38% артқан. Бүгінде бидайдың тоннасы – 82,5 мың теңге, арпа – 62,2 мың теңге, зығыр – 179,2 мың теңге, рапс 176,5 мың теңге тұрады.

«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қарсы міндеттемелерді ұмытпауы қажет. Биыл бұл сала жұмысшыларының еңбекақысы ең кемінде 20% өсуі керек. Сондай-ақ шаруалар елдімекендерді жаңғырту және абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысулары тиіс. Қазір 270 ауылда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың қатарын жан-жақты қолдау көріп отырған біздің кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі арқасында арттыра аламыз. Алда әлі екі ай бар. Осы аралықта елдімекендерді қоқыстан, жартылай бұзылған ғимараттардан тазарту қажет», - дейді Құмар Ақсақалов.

Өңір басшысының пікірінше, мемлекеттен қолдау жақсы болғанымен, соны түсінбейтіндер, ырзық-несібесін көріп отырған жерге жүрдім-бардым қарайтындар да бар. Бүгінде субсидия жерді баптағандарға да, оған дұрыс қарамайтындарға да беріліп келеді.

«Жермен жұмыс істейтін шаруаларға субсидия бөлу тәртібі қайта қаралуы керек. Ісіне шала қарайтын кәсіпкерлерді қолдаудың қажеті жоқ. Кешенді түрде жұмыс істеп, тұқымды және техниканы жаңалайтын, минералды тыңайтқыш пайдаланатын, нәтижесінде жақсы өнім алатындарға ғана көмектесу керек. Бұл мәселе жақында қаралуы керек», - дейді облыс әкімі.


Жоғары қарай