Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Күнсұлу Зәкария вакцина жасауға неге инактивтендіру технологиясы қолданылғанын түсіндірді

2021 жылдың 15 желтоқсан 2021 23:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – QazVac вакцинасын жасауда ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың еңбегі зор. Бұл туралы QazVac вакцинасын жасаушы ғылыми топтың жетекшісі, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Зәкария «Хабар 24» телеарнасынан берілетін «Анығын айтқанда» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылдың 9 мамырында біз отандық вакцинаны алып, Дүниежүзілік денсаулық ұйымына дәлелдеп, көрсеттік. Осылайша QazVac ДДСҰ-ның тіркеуіне кандидат вакцина болып кірді. Сол кезде бізге Білім және ғылым министрлігі үлкен көмек берді. Асхат Қанатұлы (Аймағамбетов – ред.) Ғылым комитетіне тапсырма беріп, арнайы ғылыми техникалық бағдарлама ұсынды. Ол не деген сөз? Бағдарлама ұсынылған кезде қаржы беріледі. Жаңағы вакцинаны жасау үшін, оны әрі қарай тестілеп, сараптау үшін қаржы керек. Ол үшін өте көп реактив, материал, құрал-жабдық қажет. Құрал-жабдыққа бөлек ақша берілді. Сондықтан да біз жаздың ортасында вакцина жасауға толық дайын тұрдық. Білім және ғылым министрі бүкіл мүмкіндікті жасаған болатын», -деді ғалым.

Ол сондай-ақ, QazVac платформасына неге инактивтендіру технологиясын пайдаланылғанын түсіндірді.

«Біздің институт ғалымдарының ең негізгі тәжірибесі – инактивтелген вакцина шығару. Неге десеңіз, инактивтелген вакцинаны адамзат 60 жылдам астам уақыт бойы пайдаланып келеді. Технологиясы әбден зерттелген және соған ұқсас вакциналарды бұрын да шығарғанбыз. Технологияның өзі 9 сатыдан тұрады. Ең негізгісі – жасуша өсіру. Жасуша – вирустың қорегі. Ең бірінші жасуша өсіріледі. Жасушаның үстінде вирус өседі. Вирус өскеннен кейін оны 4 кезеңмен тазартады. Әрі қарай вирусты өлтіреді. Өйткені бізде инактивтелген вакцинаға вирус өлтіріліп пайдаланылады. Одан кейін балк-продукт жасалады. Ол өнім келесі сатыға түседі»,- деді маман.


Жоғары қарай