Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Күрес түрлерінен ӘЧ: Қазақтың қос балуаны жартылай финалда сүрінді

2019 жылдың 16 қыркүйек 2019 20:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Күрес түрлерінен елордада өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші жарыс күні қазақтың қос балуаны жартылай финалда сүрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олар 60 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Мейрамбек Айнағұлов пен 77 келі салмақта сынға түскен балуанымыз Асхат Ділмұхамедов. Алайда екеуі де Токио 2020 Олимпиада ойындарына жолдаманы жеңіп алды. Себебі, Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем біріншілігінде 1-ші орыннан 6-шы орынға дейін ие болған балуандарға Олимпиада жолдамасы беріледі.

Айнағұлов жартылай финалда ресейлік Сергей Емелинге 0:8 есебімен жол берсе, Асхат жартылай финалда мажарстандық Олимпиада ойындары мен әлем чемпионатының жүлдегері Тамаш Лоринцке есе жіберді. Енді, Айнағұлов та, Ділмұхамедов әлем біріншілігінің қола медалі үшін белдеседі. Қола медаль үшін өтетін кездесу ертеңге жоспарланған.


Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Мейрамбек Айнағұлов пен Асхат Ділмұхамедов Токио Олимпиада ойындарының лицензиясын жеңіп алғанын жазған болатынбыз.


Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай