Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» «Авангардқа» есе жіберді

2021 жылдың 14 қазан 2021 01:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында ресейлік хоккейшілер сенімді ойын көрсетті. Десе де бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.

Екінші кезеңнің 32-минутында ресейлік командадан Корбан Найт мергендік танытты. Ал 39-минутта олардың қатарынан Алексей Емелин есепті үстемелей түсті.

«Барыс» сапынан 49-минутта Никита Михайлис көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Алайда елордалық клуб қақпасына ресейлік Алексей Береглазов 50, Александр Дергачёв 59-минутта екі гол соқты.

Елордалық клуб осылайша қарсыласынан 1:4 есебімен есе жіберді.

Еске салсақ, 6 қазанда «Барыс» елордада «Авангардтан» басым түскен болатын.

Енді «Барыс» келесі кездесуін 15 қазанда Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасына қарсы өткізеді.

Екі команда бүгінге дейін 60 мәрте шеберлік байқасты. Оның 22-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай