Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» «Динамо» командасымен кездеседі

2021 жылдың 23 қараша 2021 12:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Беларустің «Динамо» (Минск) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу елорда уақытымен 19:30-да басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 26 мәрте шеберлік байқасты. Оның 12-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Екі команда арасындағы соңғы алты кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.

«Барыстың» биылғы турнирдің соңғы алты кездесуінің екеуінде жолы болды, қалғанында қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Ал «Динамо» соңғы алты кездесудің біреуінде қарсыластарын тізе бүктірді.

Еске салсақ, қазақстандық клуб бұдан бұрын Ресейде «Северсталь» (Череповец) командасына есе жіберді.

Ал «Динамо» Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасынан жеңілді.

Қазір «Барыс» 30 ойыннан кейін 26 ұпаймен турнир кестесінде 20-орында келеді. Ал «Динамо» 34 ұпаймен 14-орында тұр.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай