Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Құрық пен Иранның Амирабад порты арасында алғаш рет паром желісі іске қосылды

2020 жылдың 25 қараша 2020 13:45

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстаудағы Құрық порты арқылы Иранмен сауда-саттықты нығайту мақсатында алғаш рет «Құрық-Амирабад» паром желісі іске қосылды. Енді «Құрық-Амирабад» порттары арасында түрлі жүк паром кешенімен тасымалданады. Паром желісі аясында Маңғыстауға Ираннан «Композитор Рахманинов» кемесі келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Композитор Рахманинов» - RO-RO типтес кеме. Аталған кемеде әртүрлі құрал-жабдықпен алты еуро жүк көлігі келді. Оның біреуінде киви жемісі бар.

«Ең бастысы – паром арқылы көкөніс пен жеміс-жидек тиелген жүк көліктерін төгіліп-шашылусыз (басқа көлікке ауыстырып жүктемей) тұтынушыға жеткізуге мүмкіндік бар. Бір паромда 32-ге дейінгі рефрижераторда (еуро жүк көлігі) тез бұзылатын тауарларды тасымалдауға болады. «Құрық-Амирабад/Энзели» паром желісі ирандық және қазақстандық кәсіпкерлер үшін де қызықты болатынына сенімдімін», - дейді Құрық портының маркетинг және логистика бойынша атқарушы директор Әлібек Өтегенов.

Құрық автомобильді инфрақұрылымы порт арқылы транзит және экспорттық-импорттық бағыттағы жүкті қабылдау мен жылдам қызмет көрсетуге толығымен дайын.

Бұған дейін Құрық порты Әзірбайжанмен ғана паром желісін іске қосқан болатын.

2020 жылдың 10 айында Құрық порты арқылы өтетін жүк 1.352 млн тоннаны құрады. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 290 мың тоннаға немесе 21% жоғары.

Экспортқа мұнай, астық және халықтық қолданыстағы тауарлар жіберледі. Ал импорт – заттық өнімдер мен құрылыс материалдары секілді халықтық қолданыстағы тауарлар.




Құрық порты Ақтау қаласының оңтүстігінде 100 шақырым қашықтықта орналасқан. Порттың құрылысы 2015 жылдың сәуір айында басталған. Порттың темір жол паромды терминалы 2016 жылдың 6 желтоқсанында пайдалануға берілді.

Құрық порты бағдарламасының жылдық қуаты - 6 млн тонна.


Жоғары қарай