Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Құс тұмауы: Павлодар облысында тағы бір ауылда карантин енгізілді

2021 жылдың 16 қазан 2021 18:02

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының тағы бір ауылында құс тұмауына байланысты карантин енгізілді.Инфекция ошағында 20 үй құсының көзі жойылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстың ветеринария басқармасы хабарлады.

Павлодар ауылының ветеринарлық пунктінің меңгерушісіне 2021 жылдың 9 қазанында үш құстың өлгені туралы жергілікті тұрғын хабарлады.
«2021 жылғы 11 қазанда Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталыққа патологиялық материал және қан сарысуының екі сынамасы іріктеліп, зерттеу үшін жіберілді. Іріктеліп алынған сынамалар құс тұмауы бойынша оң нәтиже көрсетті», - деп хабарлады ведомстводан
Павлодар қаласының бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша Павлодар ауылының әкімі жоғары патогенді құс тұмауы бойынша ауыл тұрғынының жеке ауласына карантин жариялады.
2021 жылдың 3-14 қазан аралығында 31 тауық, 11 қаз және 22 күркетауық өлді.
Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ ошақта тағы 20 үй құсын – 15 тауық пен 5 қазды жойды.
Павлодар ауылы буферлік аймақ болып табылады, радиусы 50 км бақылау аймағы болып саналады.
Арнайы комиссия бір бас үшін баға белгілегеннен кейін иелеріне алынған құстың құны өтелетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, құс тұмауының өршуіне байланысты карантин Тереңкөл ауданының Березовка ауылында енгізілді, ол жерде 42 қаз өлді.
Басты сөздер: Павлодар облысы, Құс тұмауы,
Жоғары қарай